Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Үш боксшымыз шаршы алаңға шығады

24 Тамыз, 2018

 Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында боксшылардың жекпе-жегі басталады.

Құрама сапынан алғашқы болып рингке Азат Махметов (52 кг) шығады. Қарсыласы БАӘ келген Сұлтан Ануаими.

69 келі салмақтағы Асыланбек Шымбергенов жергілікті Сарохатуа Лумбатобинмен бокстасады.

Қыздар арасынан Сәния Сұлтанқызы 57 келі салмақта шри-ланкалық Кастури Арашшиге Кешаниге қарсы өнер көрсетеді. 27 жастағы Кешани өз елінің екі дүркін жеңімпазы  және 2017 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Кездесулер кестесінің сілтемесін көріңіз.

Наверх