Енді олар жартылай финалға жолдама алу үшін бақтарын сынайды
Турнирдің үшінші күнінде 4 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шақырылды. Жансая Әбдірайымова (51 кг), Мария Гладкова (60 кг), Махмұд Сабырханмен (49 кг) Кәрім Серкебаев (52 кг).
Кәрім Серкебаев (52 кг) белоруссиялық Рамиль Алиевты тізе бүктірді. Енді бразилиялық Луиш Оливейремен жекпе-жек өткізеді.
Жансая Әбдірайымова (51 кг) өзінің алғашқы кездесуін Кэти Джин Саториуспен (Германия) өткізіп, төрешілер бірауыздан жеңісті жерлесімізге берді. Келесі қарсылас Мұңғұнсаран Балсан (Маңғолия).
Мария Гладкова (60 кг) бірінші жекпе-жекте бразилиялық Ребекка Сантосқа есе жіберді.
Махмұд Сабырхан (49 кг) алжирлық Фарис Джабаллахқа еш мүмкіндік бермеді. 3 нокдаун берген соң рефери үшінші раундта белдесуді уақытынан бұрын тоқтатты. Енді жерлесіміз ресейлік Дмитрий Батяимен былғары қолғап түйістіреді.
Әлем біріншілігінің үш күнінің қорытындысы бойынша ¼ кезеңіне 6 қазақстандық боксшы өтіп отыр. Анель Құдайберген (48 кг), Айзада Ісләмғали (54 кг), Майя Бейсебаева (69 кг), Кәрім Серкебаев (52 кг), Жансая Әбдірайымова (51 кг), Махмұд Сабырхан (49 кг).
Бүгін рингке шығатын жерлестеріміз: Талғат Шәйкен (64 кг), Ермахан Жақпеков (69 кг), Нұрбек Оралбай (75 кг), Бейбарыс Жексен (56 кг), Рахат Сейітжан (60 кг), Сағындық Тоғамбай (81 кг).