Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Мажарстанда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты екінші күнінің нәтижелері мен жарыстың үшінші күнінің кестесі

23 Тамыз, 2018

 Будапештте өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі жалғасуда. Екінші күні 4 отандасымыз шаршы алаңға шықты

 Дунай аренада өтіп жатқан әлем біріншілігі ағымдағы жылдың 21-31 тамыз аралығына жоспарланған. Байрақты бәсекеде 66 мемлекеттен келген 360 боксшы бақтарын сынауда.

Іріктеу кезеңінің 2 күні Бейбарыс Жексен (56 кг), Рахат Сейітжан (60 кг), Айзада Еслямгали (54 кг) мен Анель Құдайберген (48 кг) өз қарсыластарын жеңді.

Бейбарыс Жексен чемпионаттың 1/8 кезеңіне жолдама алды. Ол франциялық Билел Гурариді (Франция) тізе бүктірді. Енді келесі кездесуін Абдассамад Аббазбен (Марокко) өткізеді.

Рахат Сейітжан (60 кг) өзінің алғашқы жекпе-жегінде әзірбайжандық Нұрлан Сафаровты ұтып, 1/8 кезеңінде белоруссиялық Александр Родионовпен былғары қолғап түйістіреді.

Анель Құдайберген (48 кг) мажарстандық Доминик Виталға қарсы өнер көрсетіп, судья үшінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Себебі, 3 мәрте нокдаун алған қарсылас жерлесіміздің қарқынына шыдас бере алмады. Енді Анель Құдайберген 1/4 кезеңінде италиялық Джиорджия Россимен кездеседі.

Айзада Ісләмғали (54 кг) украиналық Анастасия Лисинскаяны 4:1 есебімен ұтты. Алда үндістандық Дивья Павармен (Индии) бақ сынайды.

23 тамыз күні рингке шығатын боксшыларымыз: Жансая Әбдірайымова (51 кг), Мәрия Гладкова (60 кг), Махмұд Сабырхан (49 кг) мен Кәрім Серкебаев (52 кг).

Толық ақпаратты төмендегі сілтемелер бойынша көруге болады. 

Онлайн көрсетілім сілтемесі:

https://www.youtube.com/channel/UCmjyKJD1BEsgkE6HJNdy9pQ/

Екінші күннің нәтижелері

Үшінші күннің кестесі

Наверх