Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Мажарстанда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионаты бірінші күнінің нәтижелері мен жарыстың екінші күнінің кестесі

22 Тамыз, 2018

 Будапешт қаласында әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі басталып кетті

 2014 жылдан бастап қыздар арасында да өткізіліп келе жатқан Әлем біріншілігі ағымдағы жылдың 21-31 тамыз аралығына жоспарланған. Байрақты бәсекеде 66 мемлекеттен келген 360 боксшы бақтарын сынауда.

Іріктеу кезеңінің 1 күні 3 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып барлығы жеңіске жетті. Олар: Ермахан Жақпеков (69 кг), Майя Бейсебаева (69 кг) мен Кәрім Серкебаев (52 кг).

Ермахан Жақпеков пуэрторикалық Мариомар Моралис Ниевистен басым болғаны сонша, судья екі докдауннан кейін 2 раундта жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатты. Енді жерлесіміз 1/8 кезеңінде италиялық Сальваторе Кавалларомен кездеседі.

Майя Бейсебава (69 кг) бірінші кездесуінде украиналық Олеся Крысюктен басым түсті. Енді Майя 1/4 кезеңінде ресейлік Ангелина Кабаковамен былғары қолғап түйістіреді.

Кәрім Серкебаев (52 кг) эквадорлық Луис Дельгадоны ұтты. Есеп 4:1. Келесі 1/8 кездесуін Рамиль Алиевпен (Белоруссия) өткізеді.

22 тамыз, яғни, жарыстың екінші күнінде «Дунай Аренада» өнер көрсететін спотшылар: Бейбарыс Жексен (56 кг), Рахат Сейітжан (60 кг), Айзада Ісләмғали (54 кг) және Анель Құдайберген (48 кг). 

Толық ақпаратты төмендегі сілтемелер бойынша көруге болады. Барлық іріктеу сайыстары 27 тамызға дейін сағат 12:00 мен 17:00 аралығында өткізіледі (Астана уақытымен айырмашылық +4 сағат). 

Онлайн көрсетілім сілтемесі: https://www.youtube.com/channel/UCmjyKJD1BEsgkE6HJNdy9pQ/

Бірінші күннің нәтижелері

Екінші күннің кестесі

Наверх