Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Мырзағали Айтжанов: «Президент кубогы бокстағы басты турнирлердің біріне айналды»

10 Маусым, 2018

Астанада өтіп жатқан «ҚР Президенті кубогы» дәстүрлі халықаралық бокс турнирі әлемдегі басты турнирлердің қатарына қосылады.

Бұл туралы Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті. 

«Осы турнир біздің елімізде өтетін басты халықаралық турнирлердің бірі, ол ұлттық команданы жылдың басты бәсекелеріне дайындауда негізгі міндетті атқарады. Қазір Азия ойындарына дайындалып жатырмыз. Біз бірінші нөмірлі боксшыларымыздың дайындығын, бабын байқап көреміз. Турнирге айтарлықтай көп қатысушы жиналды. Мәселен, америкалықтар барлық бірінші нөмірлі боксшыларын әкелді, өзбектер де ең мықты құрамымен келді, олардың ішінде Хасанбой Дусматов, Бектемір Меліқузиев, Исраил Мадримовтер де бар. Ресейліктер, таиландтықтар, моңғолдар келді», - деді М. Айтжанов. 

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құраманың дамуы үшін барлық амалды қарастырып жатыр. «Жуық арада «Президент кубогы» әлемде олимпиадалық бокстың басты турнирлерінің біріне айналуы тиіс», - деді бас бапкер. 

Еске сала кетейік, ҚР астанасында 5 маусымда басталған дәстүрлі турнир 10-ына дейін жалғасады.

prosports.kz

Наверх