Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

«Astana Arlans» - «Cuba Domadore» кездесуі бейтарап алаңда өтеді

30 Мамыр, 2018

«Astana Arlans» - «Cuba Domadore» кездесуі бейтарап алаңда өтеді.

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымында жартылай финалда «British Lionhearts» командасын жеңіп, ақтық сынға шыққан «Астана арландары» финалдық кездесуді бейтарап алаңда өткізеді.

Финалда «Astana Arlans» пен кубалық «Cuba Domadores» командалары күш сынасады. Ал бұл кездесу бейтарап алаңда өтетін болады. Бұл туралы жақында отандық басылымдарға сұқбат берген қазақстандық клубтың бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков мәлімдеді.

Бас бапкер финалдық жекпе-жектердің қайда өтетіні қазірше белгісіз екенін айтқан. Бір анығы, Қазақстан мен Куба жерінде өтпейді. Дубайда немесе Қытайда өтуі мүмкін. Нақты шешім бір аптадан кейін шығатын болады.

Наверх