Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

WSB жобасының жартылай финалындағы «Астана арландарының» қарсыласы белгілі болды

02 Мамыр, 2018

Қос команда арасындағы алғашқы жекпе-жек 18-19 мамыр күндері өтеді.

 Астана арландарының» Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалдағы қарсыласы анықталды, – деп хабарлайды  Worldseriesboxing.com сайты.

Бүгін Щвецарияның Лозанна қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалында жолығатын командалардың жеребесі тартылды. «Қытай айдаһарларын» тас-талқан етіп ұтқан «Арландар» жартылай финалда Ұлыбританияның «British Lionhearts» командасымен кездеседі. Қос команда арасындағы алғашқы жекпе-жек 18-19 мамыр күндері өтеді.

Айта кетейік, «Астана арландары» топтық кезеңде «Қытай айдаһарларын» екі рет айқын басымдылықпен ұтқан болатын.

kaz.vesti.kz

Наверх