Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді

29 Сәуір, 2018

Қазақстандық боксшы, Рио Олимпиадасының чемпионы кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастады.

Қазақстандық боксшы, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастады. Нью-Йоркте өткен алғашқы жекпе-жегінде америкалық боксшы Ноа Кидтінокаутпен жеңді.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасқан боксшылардың жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған еді. Данияр қарсыласын 3 раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіп шықты.

22 жастағы Ноа Кид кәсіпқой бокстағы мансабында алғаш рет жеңілді. Осыған дейін 4 жекпе-жек өткізіп, 3 рет жеңіске жеткен. 1 кездесуін тең аяқтаған.

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды.

Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.
 
kaz.vesti.kz
 
http://kaz.vesti.kz

Толығырақ: http://kaz.vesti.kz/profi/6190/
Материалды қалай болсын қолдану тек қана vesti.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
 
Наверх