Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстан ҰОК АИБА академиясында антидопинг пен спорт медицинасына қатысты семинар өткізуде

27 Сәуір, 2018

Бүгін AIBA Халықаралық бокс Академиясының базасында ҚР ҰОК ұйымдастыруымен медицина-биологиялық жабдықтау, антидопинг қызметі мен жоғары деңгейде спортшыларды дайындау туралы бірінші республикалық семинар өтуде.

Семинарды ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауы арқасында және «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасы аясында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырып жатыр. Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаев спортта жоғары нәтижеге жету үшін медицина-биологиялық жабдықтауды жетілдіру, антидопинг қызметінің жұмысын жақсарту мен спорттағы тыйым салынған дәру-дәрмектерге қатысты жұмысты нығайту керек екенін үнемі айтуда. Бұл мәселелерді талқылау үшін аталмыш семинар ұйымдастырылды.

«Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаев допингке қатысты қатаң саясат жүргізуде. Рио Олимпиадасы алдында біз спортшыларымыздың анализдерін Дрездендегі антидопингтік лабораторияға жібергенбіз. Пхенчхан Олимпиадасы алдында да сөйттік. Қазіргі таңда біздің нәтижелеріміз жақсы. Ары қарай да спортшыларымызға жақсы медициналық қызмет көрсетіп, допингтен аулақ ұстауға ат салысамыз. Қазақстан ҰОК жұмысы отандық спортты дамытуға бағытталған, біздің басты мақсат - жас спортшыларымызға дұрыс жол көрсету», - деді Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абулғазин.

Семинарға Германия, АҚШ, Чехия, Венгрия және ТМД елдерінен тәжірибелі мамандар шақырылды.

«Бүгінгі семинар спортты жоғары деңгейге көтірудегі жолдардың бірі. Бұл жиынға олимпиада менеджементінің өкілдері, денсаулық сақтау өкілдері, спорт медицинасына қатысты мамандар жиналды. Мұндай бір топ мамандардың бір жерде жиналып, тәжірибе алмасуы - өзіндік олимпиада даму жүйесінің құруына көп ықпал етеді. Сондықтан бұл семинар маңызды деп айтуға болады», – деді профессор Владимир Платонов. 

Олар екі күні бойы (26 және 27 сәуір) қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасады. Семинар барысында антидопингтік бағдарлармаларға көп көңіл бөлінеді.

300-ге жуық қатысушылар (ұлттық спорт медицина мен антидопинг федерациясының өкілдері, ғылыми-жиынтық топтардың мамандары, дене шынықтыру мен спорт басқармасының басшылары, облыстық дене сауықтыру диспансерлердің мамандары, медицина мен білім ұйымдардың өкілдері) екі секцияға бөлінді. Оның біреуі спорт дәрігерлеріне арналса, екіншісі қазақстандық бапкерлерге арналған «Заманауи спорт жаттығулары» мәселесін қарастырды.

olympic.kz

Наверх