Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Данияр Елеусінов: «Головкин өзінің қазақы стилін жоғалтқан жоқ»

27 Сәуір, 2018

Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой боксқа ауысқан Данияр Елеусінов отандасы Геннадий Головкиннің жұдырықтасу стилі туралы пікірін айтты.

«Геннадийде мексикалық стиль деп ойламаймын. Ол өзінің қазақы стилін, ТМД елдеріне тән стильді жоғалтқан жоқ. Ол соққы жасаушы бокс түріне қарай ауысты, себебі мексикалықтар жақын және орта қашықтықта жұмыс істегенді жақсы көреді. Ал Головкин өзіне ыңғайлы қашықтықта өнер көрсетеді. Сондықтан, мен де өз тактикам мен өз қашықтығымды ұстанамын. Әрине, көп нәрсені үйренгім келеді», - деді Данияр.

Айта кетейік, Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 28 сәуірде Нью-Йоркте өткізеді. Ал Головкиннің келесі кездесуі 5 мамырда Калифорнияда америкалық Ванес Мартиросянға қарсы болады.

prosports.kz

Наверх