Бокстан Қазақстан құрамасының жеті мүшесі Варшавада (Польша) Феликс Штамм турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Әділбек Ниязымбетов (81келі) Белорусь елінен келген Михаил Долголевецті жеңді. Естеріңізде болса, Рио Олимпиадасында қос боксшы кездесіп үлгерген. Ал, Бекдәулет Ибрагимов (64 келі) тағы сол елдің басқа боксшысы Максим Вислаухты тізе бүктірді. Асланбек Шымбергенов (69 келі) чех спортшысы Зденек Хладекты жарыс жолынан шығарса, ал Абай Төлеш (75 келі) жарыс қожайындарының өкілі Станислав Гибадлодан басым түсті.
Бүгін, 15-ші наурыз күні жартылай финалда жоғарыда айтылған спортшылар шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ, олардың қатарында Ілияс Сүлейменов (56 келі), Антон Пинчук (91 келіге дейін) және Айболды Дәуренұлы (91 келіден жоғары) бар.
Ал, Жомарт Есжан (49 келі), Азамат Исақұлов (52 келі) және Берік Әбдірахманов (60 келі) турнирден шет қалды.