Польша елінде өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына қазақстандық сегіз боксшы шықты
Турнирдің алғашқы айналымында бақ сынаған бес отандасымыздың үшеуі келесі кезеңге өтті.
Олар - 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ілияс Сүлейменов, Бекдәулет Ибрагимов (64) және Асланбек Шымбергенов (69).
Бұлардан бөлек тағы бес боксшымыз жарысты бірден ширек финалдан бастайтын болады.
Атап айтар болсақ, Жомарт Ержан (49 келіге дейін), Абай Төлеш (75 ), Әділбек Ниязымбетов (81), Антон Пинчук (91) және Айболды Дәуренұлы (91 кг) қатарлы боксшылар жеребе бойынша бірінші айналымда шаршы алаңға шыққан жоқ.
Ал Азамат Исақұлов (52 келіге дейін) пен Берік Әбдірахманов (60) жарысты алғашқы айналымнан аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, аталған турнир 16 наурыз күні аяқталады.