Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Алматыда Қазақстан, Өзбекстан және Ресей құрамаларының қатысуымен турнир өтеді

07 Ақпан, 2018

Бұл турнирде Левит, Елеусінов, Қоңқабаев секілді боксшылар өнер көрсетеді

Ақпан айының ортасында Алматы маңындағы AIBA бокс академиясында Қазақстан, Өзбекстан және Ресей құрамаларының қатысуымен турнир өтеді. Бұл турнир туралы толығырақ Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Vesti.kz порталының тілшісіне айтып берді. 

"Біз қазір Ресей құрамасымен бірге оқу-жатығу жиындарын бастадық. Олар екі құрамын алып келді. 14 ақпан күні Өзбекстан құрамасы келеді. Олар да екі құрамын алып келеді. Өзара турнир өткізетін боламын сөйтіп", - дейді Айтжанов. 

- Бұл турнир қай күндері өтеді?


- 16 және 19 ақпан аралығында, Кәдімгі жарыс ретінде өткіземіз. 

- Ресей құрамасында Олимпиадаға қатысқан боксшылар бар ма?

- Ресей құрамасында қазір буын алмасу кезеңі болып жатыр. Құрама жас боксшылардан келген. Евгений Тищенок жоқ. Менің білуімше, ол ауыр салмаққа ауысуы мүмкін. Сонымен қатар Василий Егоров та жоқ. Көпшілігі тіпті құрамаға іліге алмай жүр екен. Танымал боксшылардан Белик Галанов бар. Ол әлем чемпионатының жүлдегері. 

Ресейдің құрамында мен халықаралық турнирлерде көрген жас боксшылар бар. 96-98 жылғы жігіттер. 

- Біздің құрамадан кімдер жұдырықтасады?

- Барлық боксшылар жұдырықтасады. Қамшыбек Қоңқабаев, Қайрат Ерәлиев, Василий Левит және Данияр Елеусінов те бар. Олардың барлығы да өнер көрсетеді. Өзбекстан құрамасын да көрдім. Олардың бірінші нөмірлі боксшылары WSB жобасында жүр. Бізге екінші және үшінші нөмірлі боксшылары келеді. Ештеме етпейді. Жаттығу үшін мұндай жекпе-жектер де пайдалы. 

- Турнир қандай жүйе бойынша өтеді?

- Үш ел екі құрамадан шығарады. Әр елдің құрамалары өзара кездеспейді. Үш елдің боксшылары бір-бірімен кездесетін болады. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының жуық арадағы ең маңызды деген турнирі - Азия ойындары. Ол тамыз және қыркүйек айларында Индонезияда өтеді. 

kaz.vesti.kz/

 
Наверх