Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Олимпиада чемпионы 2017 жылғы еліміздің ең үздік боксшыларын атады

09 Ақпан, 2018

Оның айтуынша, үздік боксшы атануға үміткерлер көп екен.

2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы және Вэл Баркер кубогінің иегері Бақтияр Артаев Vesti.kz порталының тілшісіне 2017 жылғы еліміздің ең үздік боксшыларын атады. 

"Мен бес үздік боксшының есімін атамаймын. Өйткені, үміткерлердің саны тым көп. Кейбірі тізімге енбей қалуы мүмкін. Тек ең мықты дегендерді айтамын. Кәсіпқой боксшылар арасында өткен жылғы еліміздің ең үздік боксшысы - Геннадий Головкин. Өткен жылғы оның жетістіктері керемет. 

Әуесқойлар арасындағы Маған Қайрат Ерәлиевтің өнері ұнады. Ол жда мықты боксшы. Осы екі боксшыны айта аламын. Егер мен бес боксшыны айтатын болсам, тізім жүзге дейін жалғасып кетеді. Сондықтан да тек мықтыларын ғана айттым", - дейді Артаев. 

Еске салайық, 2017 жылы Головкин екі кездесу өткізді. Наурызда ол америкалық Дэниэль Джейкобстан (33-2, 29 КО) айласын асырса, қыркүйек айында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) тең түсті. 

Ал 27 жастағы Ерәлиев болса алдымен Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанып, кейін Германияда әлем чемпионатын жеңіп алды.

kaz.vesti.kz

Наверх