Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Бокстан ел біріншілігінің үш жеңімпазы Венгриядағы турнирге қатысады

03 Ақпан, 2018

Турнир 7 және 10 ақпан аралығында Дебрецен қаласында өтеді.

Қазақстан құрамасының сегіз боксшысы Венгрияда "Иштван Боксай" атындағы халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұл байрақты бәсеке 7 ақпан күні Венгрияның Дебрецен қаласында басталады. Дода 10 ақпан күні мәресіне жетеді. Бұл турнирге Қазақстан құрамасын Марат Жақиев бастап барады. 

Венгрияға Қазақстанның үш чемпионы - Ілияс Сүлейменов, Асланбек Шымбергенов және Абай Төлеш аттаныпты. Сонымен қатар ел біріншілінде қолын сындырып, жүлдегерлер қатарына қосылған Санатәлі Төлтаев та қатысады. 

Венгриядағы турнирге қатысатын боксшылардың тізімі:

1. Анвар Музапаров (52 келі);
2. Ілияс Сүлейменов (56 келі);
3. Ертуған Зейнуллинов (60 келі);
4. Санатәлі Төлтаев (64 келі);
5. Асланбек Шымбергенов (69 келі);
6. Абай Төлеш (75 келі);
7. Бекзат Нұрдәулетов (81 келі);
8. Айболды Дәуренұлы (91 келіден жоғары).

kaz.vesti.kz/

Наверх