Алматыда қыздар арасындағы (17 жасқа дейін) бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Жарысқа елдің 11 өңірінен 92 спортшы қатысты.
Нәтижесінде өз салмағында мына спортшылар үздік деп танылды: Әнел Құдайберген (48 кг), Жансая Әбдірайымова (51 кг), Айзада Еслямғали (54 кг), Еркежан Дәулетжанқызы (57 кг), Мария Гладкова (60 кг), Зарина Халилулла (64 кг), Мая Бейсебаева (69 кг), Надежда Рябец (75 кг), Гүлсая Ержан (81 келіге дейін) және Дина Исламбекова (81 келіден жоғары).
ҚР біріншілігінің жеңімпаздары ендігіде жасөспірімдер арасындағы Әлем және Азия чемпионаттарында, сондай-ақ Аргентинада өтетін Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын болады.