Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Олимпиаданың финалында Елеусіновтен жеңілген өзбек боксшысы кәсіпқой боксқа ауысты

21 Желтоксан, 2017

Әуесқой бокста ол әлем және Азия чемпионы атанды.

Әуесқой бокстағы ең танымал боксшылардың бірі 24 жастағы өзбекстандық Шахрам Гиясов кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы vRINGe.com порталы хабарлайды. 

2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әуесқойлар арасында әлем чемпионы сонымен қатары Азия чемпионы Гиясов қазіргі таңда АҚШ-та. Ол кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта (66,7 келі) өнер көрсетпекші. 

"Мен қазір АҚШ-тамын. Алдағы уақытта Өзбекстаннан шыққан келесі әлем чемпионы болуыға дайындалып жатырмын. Менің мақсатым - жартылай орта салмақта топ жарып, pound-for-pound нұсқасы бойынша әлем чемпионы болу. Мен өз-өзімен сенімдімін. Сондықтан алдыма осындай биік мақсат қойып отырмын", - деп келтіреді Гиясовтың сөзін BoxingScene порталы. 

Гиясовтың менеджері Руслан Хусинов болса, Джастин Гамбер жаттықтырушысы болады. 

Айта кетейік, әуесқой боксқа Гиясов бірнеше рет қазақ боксшылармен де кездескен. Олардың ішіндегі ең тартысы Риода өткен Олимпиадада болды. 2016 жылғы Олимпиаданың финалында ол біздің Данияр Елеусіновпен кездесіп, жеңіліп қалған еді. 

kaz.vesti.kz

 
Наверх