Ол жаттығу жұмыстарын Майамиде өткізеді.
19 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов түбегейлі кәсіпқой боксқа ауысты. Талантты жас боксшының әуесқой бокстағы соңғы турнирі Қазақстан бокс федерациясының кубогы болды. Турнир аяқталғаннан боксшы Vesti.kz порталының тілшісіне әуесқой бокстағы соңғы турнирі туралы ойымен бөлісті.
- Турнир мен үшін сәтті өтті. Командамыз жартылай финалға дейін жетті. Бұл менің әуесқой бокстағы соңғы турнирім, - дейді Ахмедов.
- Өз өнеріңе көңілің толды ма?
- Иә. Әрине.
Бұған дейін боксшы түбегейлі кәсіпқой боксқа ауысатыны туралы айтқан еді. Ол АҚШ-тың Майами қаласында жаттығу жасайтын болады.
"Маған кәсіпқой бокс ыңғайлы. Менің стильім де кәсіпқой боксқа көбірек келеді. Кәсіпқой бокста ең жас әлем чемпионы болғым келеді", - дейді Садриддин.
kaz.vesti.kz