Қарағандыда Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир басталды.
Осымен 34-ші рет өтіп жатқан байрақты бәсекеде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Үндістаннан келген 190 былғары қолғап шебері бақ сынайды.
Биылғы турнирге ерлер - 10, ал әйелдер 5 салмақ санаты бойынша жұдырықтасады. Шаршы алаңдағы жекпе-жектердің ақтық кездесулері 24 желтоқсанда өтіп, жеңімпаздар анықталатын болады.
Айта кетейік, даңқты спортшы 1984 жылы дүниеден өтіп, сол жылы оны еске түсіруге арналған алғашқы турнир өткізілген еді.