Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Боксшылар Жазира Орақбаева мен Арайлым Бекділдә Үндістанда чемпионат финалына шықты

25 Қараша, 2017

Гувахати қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының финалына тағы екі отандасымыз жолдама алды.

Мұнда алматылық Жазира Орақбаева Еуропаның күміс жүлдегері Ирландия боксшысы Кэйтлин Фрэйерсті жеңді. Есеп 29-28, 29-28, 30-27, 28-29, 30-27 болды. Енді Жазира финалда үнді спортшысы Нитуимен шығады. Сондай-ақ жаттықтырушы Мейрбек Шенгелбаев шәкірті Арайлым Бекділдә жартылай финалда Украина боксшысы Елизавета Слюсарьді жеңді. Мұнда Жамбыл облысының өкілі есепті 30-27, 30-27, 30-27, 30-26, 30-26 етті.

Енді Арайлым финалда ресейлік Анастасия Рыбакпен жұдырықтасады. Ал қос боксшымыз Жансая Әбдраимова (51) мен Жансая Балтабекова (60)  чемпионаттың қола медалін алатын болды.  Еске сала кетсек, осыған дейін 81 келіден жоғары салмақты отандасымыз Дина Исламбекованың ринг иесі, Үндістан спортшысы Нехи Ядавты жеңгенін хабарладық. Есеп 30-26, 30-26, 30-27, 30-27, 29-28 болды. Дина финалда рингке Кристина Ткачёваға қарсы шығады.

khabar.kz

Наверх