Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионаты аяқталды: Қазақ қыздары үшінші орында

26 Қараша, 2017

Үндістанның Гувахати қаласында өткен бокстан жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар үшінші орынға ие болды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Арайлым Бегділдә 81 келіге дейінгі салмақта ел қоржынына «алтын» салған болатын.

Ал екі күміс жүлденің бірін  +81 келі салмақта сынға түскен Дина Исламбекова жеңіп алса, екіншісін 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Жазира Орақбаева қанжығасына байлады.

Исламбекова финалда ресейлік Кристина Ткачеваға есе жіберсе, Орақбаева үндістандық Нитуға жол беріп алды.

Ал екі қола жүлдені Жансая Әбдрайымова (51 келі) мен Жансая Балтабекова  (60 келі) иеленді.

Осылайша 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен Қазақстан қыздары жалпы есепте үздік үштіктен көрінді.

Командалық есепте бірінші орынды 5 алтын мен 2 қола еншілеген үнді қыздары жеңіп алса, екінші орынға 2 «алтыны» мен 4 «күмісі» бар Ресей тұрақтады.

inform.kz

Наверх