Қазақстандық бокс федерациясы
    Тимур Құлыбаев бокс саласындағы үздік мамандарды марапаттады
    Тимур Құлыбаев бокс саласындағы үздік мамандарды марапаттады
     Бүгін Қазақстанның бокс федерациясы 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды. Жиында аталған федерацияның президенті, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев отандық боксты дамытуға үлес қосқан үздік мамандарды марапаттады.
    11 Қазан 2017

    «Қазан айының соңғы жексенбісі біз Қазақстанның бокс күнін мерекелейміз. Осы орайда Бокс Федерациясы бекіткен, «Қазақстан боксын дамытудағы еңбегі үшін» және «Қазақстан боксының ардагері» атты төсбелгілермен спортқа еңбегі сіңген азаматтарды жыл сайын марапаттайтын боламыз», - деді жиында Тимур Құлыбаев. 

    Сонымен жиында «Қазақстан боксын дамытудағы еңбегі үшін» атты төсбелгіге Қазақстан Бокс федерациясының (ҚБФ) жалпы сұрақтар жөніндегі вице-президенті Данияр Әбілғазин, ҚБФ-сының жаттықтырушы штабының мәселелері жөнінде вице-президенті Болат Әбдрахманов, бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, Әйелдер боксы бойынша Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Қайрат Манашев, бокстан Қазақстанның Ұлттық әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Вадим Присяжник және Қасым Мәуленов ие болды. 

    Ал «Қазақстан боксының ардагері» төсбелгісін бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Борис Цхвирашвили, бокстан Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рафаэль Вахитов, бокстан Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Андрей Райш, бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы және Алматы облысы бойынша Бокс Федерациясының құрметті президенті Асқар-Мадихан Сауданбеков алды.

    baq.kz