Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақ боксшылары Германиядағы әлем чемпионатында өнер көрсетуде

26 Тамыз, 2017

 Германияның Гамбург қаласында әуесқой бокстан XIX әлем чемпионаты бас­талды.

Германияның Гамбург қаласында әуесқой бокстан XIX әлем чемпионаты бас­талды. Алғаш болып шаршы алаңға көтерілген отандасымыз Жомарт Ержан гватемалалық қарсыласы Майкл Телье Тельені айқын жеңіп шықты.

 

Бірінші раундтан бастап Ержан әрбір сәтті бақылауда ұстап, қарсыласын қыспаққа ала түсті. Соққы жасауда ширақ қимылдап, басымдығын сәт санап арттыра түсті. Екінші раундта гватемалалық боксшы алға ұмтыла түсіп, дөп соққыларын дарытқысы келді. Дегенмен тәжірибелі отандасымыз қарсыласынан бір бәс жоғары екенін байқата білді.


Айта кетейік, 25 тамыз бен 3 қыркүйек арасында өтетін дүбірлі додаға әлемнің 85 елінен 280 боксшы бақ сынайды. Әлем біріншілігіне Куба, Өзбекстан және Қазақ­стан елдерінің боксшылары толық құрамда қатысады. Ресей құрамасынан - тоғыз, Украинадан сегіз боксшы өнер көрсетеді.

 

Ал Әділет Құрметов болса, жарысты ерте аяқтады. Отандасымыз бірінші кездесуінде грузин боксшысы Отар Еронасяннан жеңілді.



Жекпе-жекте төрешілер 5:0 есебімен грузин боксшысын жеңімпаз ретінде таныды. Ал Әділет өзі қатысқан алғашқы әлем чемпионатының бірінші кездесуінде-ақ жеңіліп отыр.

 

Қайрат Ералиев бірінші жекпе-жегінде мексикалық Кристофер Флорес Маганамен жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Қайраттың қарсыласы осал емес екенін алғашқы минуттардан байқатты. Бойының бойшаңдығы да қазақ боксшысына ыңғайсыздау болғаны рас. Десе де қарсыласының соққыларынан жылдам сытылып шығып кететін отандасымыз өз басымдығын байқата білді.

Қайрат Ералиев келесі кезеңде осы салмақтағы басты қарсыластарының бірі өзбек Муроджан Ахмадалиевпен жұдырықтасады. 


Толығырақ: http://kaz.vesti.kz/amateur/3130/
Материалды қалай болсын қолдану тек қана vesti.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледіҚайрат Ералиев бірінші жекпе-жегінде мексикалық Кристофер Флорес Маганамен жұдырықтасып, жеңіске жетті

Қайраттың қарсыласы осал емес екенін алғашқы минуттардан байқатты. Бойының бойшаңдығы да қазақ боксшысына ыңғайсыздау болғаны рас. Десе де қарсыласының соққыларынан жылдам сытылып шығып кететін отандасымыз өз басымдығын байқата білді.

Қайрат Ералиев келесі кезеңде осы салмақтағы басты қарсыластарының бірі өзбек Муроджан Ахмадалиевпен жұдырықтасады. 


Толығырақ: http://kaz.vesti.kz/amateur/3130/
Материалды қалай болсын қолдану тек қана vesti.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
 

kaz.vesti.kz

 

Наверх