Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қамшыбек Қоңқабаев финалға жолдама алды

05 Мамыр, 2017

91 килодан жоғары салмақта жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаевқа бірінші кезекте шаршамау керек деген кеңес берер едік.

Себебі жартылай финалдағы Иордания өкілі Хуссейн Яшайшмен қолғап түйістір кезде, екінші раундтың өзінде шаршап қалатынын аңғардық. Қарсыласы соншалықты мықты болмағанымен, Қоңқабаевтың өзіндік ойластырған тактикалық ойларын жүзеге асыра алмағаны менмұндалап тұр. Қарсыласының дөрекі өнер көрсетуінің салдарынан жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Ендігі қарсылас – өзбек Баходир Джалолов. Байқағанымыздай, өз жерінде өзбектер жеңісті оңайлықпен бере салмайтынын аңғартты. Сондықтан, Қамшыбекке өзін-өзі қамшылайтын нағыз сын сағаты туғандай. 


egemen.kz

Наверх