Қазақстандық Василий Левит сириялық боксшы Алаа Елдин Госсуннан басым түсіп, Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жекпе-жек бірнеше минутқа ғана созылды. Сириялық боксшының қабағы жарылып, төреші жұдырықтасуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды.
kaz.vesti.kz