Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Азамат Исақұлов жартылай финалға жолдама алды

03 Мамыр, 2017

Ол – жартылай финалға шыққан бесінші қазақ боксшысы.

52 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Азамат Исақұлов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Ол – жартылай финалға шыққан бесінші қазақ боксшысы.

Азамат Исақұлов ширек финалда малайзиялық боксшы Абдул Салам Касимді жеңді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер отандасымызды жеңімпаз ретінде таныды.

Осыған дейін Қайрат Ералиев, Василий Левит, Бекдәулет Ибрагимов, Әбілхан Аманқұл жартылай финалға жолдама алған болатын. Ал Жомарт Ержан мен Әділет Құрметов жарысты ширек финалда аяқтады.

Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионатында Гамбургте (Германия) өтетін әлем чемпионатына 60 жолдама беріледі. Яғни, әр салмақта үздік алтылыққа енген боксшылар ие болады.

kaz.vesti.kz

Наверх