Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Абылайхан Жүсіпов қытайлық қарсыласын жеңіп жартылай финалға шықты

03 Мамыр, 2017

Жартылай финалда отандасымыз моңғол Тувшинбат Биямбамен жұдырықтасады.

69 келіге дейінгі салмақта қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов ширек финалда қытайлық Лю Вэйді жеңіп, жартылай финалға шықты. Төрешілер отандасымызды айқын жеңімпаз ретінде таныды.

Үш раундта да шабуылда ширақ қимылдап, жойқын соққылары мен жылдам қимылдарымен ерекшелегенген Абылайханның жеңісіне төрешілер шүбә келтірмеді.

Жартылай финалда Абылайхан Жүсіпов моңғол Тувшинбат Биямбамен жұдырықтасады.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Ералиев, Василий Левит, Бекдәулет Ибрагимов, Әбілхан Аманқұл мен Азамат Исақұлов жартылай финалға жолдама алған болатын. Ал Жомарт Ержан мен Әділет Құрметов жарысты ширек финалда аяқтады.

kaz.vesti.kz

Наверх