Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Әбілхан Аманқұл қарсыласын айқын жеңіп шықты

03 Мамыр, 2017

Екі минут ішінде үш рет нокдаун алғаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Қазақ боксшысы Әбілхан Аманқұл да Ташкенттегі Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда сириялық боксшы Абдул Моуен Аззизді айқын жеңіп шықты.

Алғашқы минуттардан-ақ қарсыласын бірден тықсырған Әбілхан сириялық боксшыны бас қаратпады. Екі минут ішінде үш рет нокдаун алғаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Әбілхан Аманқұл жартылай финалда өзбек боксшысы Исроил Мадримовпен кездеседі.

kaz.vesti.kz

Наверх