Жергілікті жанкүйерлердің алдында желпінген Олимпиада чемпионы айласын асырып кетті.
Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында отандасымыз Ержан Жомарт өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан жеңілді. Жергілікті жанкүйерлердің алдында желпінген Олимпиада чемпионы айласын асырып кетті.
Ашық жұдырықтасуға тырысқан қазақстандық боксшы шаршы алаң иесін жеңе алмады. Алға ұмтыла түскенмен, қорғанысы мығым, шабуылы ширақ Хасанбой қателесе қойған жоқ. Оңтайы келгенде соққысын дарытумен болды. Жылдамдығымен де көзге түсті. Төрешілер бірауыздан Хасанбойды жеңімпаз ретінде таныды.
Ержан Жомарт Азия чемпионатында жарыс жолынан шыққан алғашқы қазақстандық боксшы. Осыған дейін Қайрат Ералиев пен Василий Левит жартылай финалға шыққан. Алдағы уақытта 7 бірдей боксшымыз шаршы алаңға шығады.
kaz.vesti.kz