Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Василий Левит те Азия біріншілігі жартылай финалының жолдамасын жеңіп алды

03 Мамыр, 2017

Отандасымыз ширек финалда өзбекстандық боксшыны жеңді.Отандасымыз ширек финалда өзбекстандық боксшыны жеңді.

91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Василий Левит Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шығып, Германияда өтетін әлем чемпионатына жолдамаға ие болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Ширек финалда ауыр салмақта өнер көрсететін боксшымыз шаршы алаң қожайыны Санжар Тұрсыновпен кездесіп, барлық төрешінің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

Енді Левит жартылай финалда ирандық Салар Голоами (Иран) және Алла Елдин Гуссонның арасындағы жеңімпазбен кездеседі. 

Жартылай финалдық жекпе-жектер 5 мамыр күні өтеді.
 

kaz.vesti.kz

Наверх