Қазақстандық боксшы Азамат Исақұлов Азия чемпионаты аясында өзінің жекпек-жегін Тайланд боксшысына қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Тартысқа толы кездесу туралы Қазақтан Бокс Федерациясының тілшілеріне сұқбат беріпті.
- Азамат, Тайланд боксшысымен болған кездесу туралы не ойлайсыз?
- Өздеріңіз көргендей кездесу аса ауыр өтті. Жеңгенімен қуаныштымын. Жеңімпаздаң қолын көтерер сәтте мен өзімнің алда екенімді біліп тұрдым. Себебі қалай шаршы алаңда қалай жұмыс жасау керек болса, мен дәл солай жұмыс жасадым. Екінші раунд кішкене қиындықтар әкелді. Бірақ үшінші раунд жаттықтырушыларым ойлағандай болып шықты.
- Қарсыласыңның тактикасын түсіну қаншалықты қиын болды?
- Ия,бұл үшін біраз уақыт керек болды. Қарсыласымның бұрын өткізген кездесулерін қарап шықтым. Оның Болгариядағы жекпе-жегін зерттедім. Көріп тұрғандарыңыздай барлығы менің ойлағанымдай болды.
- Өз салмағыңдағы қай боксшыны белгілеп, айтар едің?
- Біреуін нақты айту оңай емес. Өзбекстан, Корея, Үндістан мен Моңғолия елінің боксшылары мықты. Өзіме келер болсам барлық Қазақстандық жанкүйерлерімді қуантқым келеді. Сол үшін қолымнан келгенін аямаймын.
52 келі салмақта отандасымыз Азамат Исақұлов Тайландық Онгжунт Танесті жеңу арқылы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.