Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Абылайхан Жүсіпов қарсыласын нокдаунға түсіріп, 1/4 финалға шықты

02 Мамыр, 2017

Ол Азиа чемпионатындағы алғашқы кездесуін жапон боксшысымен өткізді.

 

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов қарсыласын нокдаунға түсіріп, 1/4 финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол Азиа чемпионатындағы алғашқы кездесуін жапон боксшысы Хироаки Кинжомен өткізді. Жүсіпов екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген, кейін айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, осы салмақ дәрежесінде 2016 жылғы Олимпиаданың вице-чемпионы Шахрам Гиясов та жүлдеден үмітті. Ол осы Олимпиадада қазақстандық Данияр Елеусіновтен жеңілген еді. 1/4 финалға шығу үшін ол иорданиялық Зияд Ишашты жеңді. 

Еске салайық, бокстан Азия чемпионаты Ташкентте өтіп датыр және Германияда өтетін әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі болып есептеледі.

kaz.vesti.kz

Наверх