Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Азамат Исақұлов – ширек финалда

02 Мамыр, 2017

52 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 1/8 финалда тайландтық боксшы Танес Онгжунтты ұтты.

Қазақстандық боксшы Азамат Исақұлов Ташкенттегі Азия чемпионатының ширек финалына шықты. 52 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 1/8 финалда тайландтық боксшы Танес Онгжунтты ұтты, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Бірінші раундта Танес Онгжунт басымдық танытқанмен, кейінгі раундтарда қазақстандық боксшы қарсыласына адым аштырмады. Төрешілер бірауыздан Азаматты жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, осыған дейін ширек финалға жеті қазақ боксшысы шыққан болатын.


kaz.vesti.kz
 

Наверх