Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Ерік Әлжанов ширек финалға шыққан қазақ боксшыларының қатарын толықтырды

02 Мамыр, 2017

Ол 81 келіге дейінгі салмақта қырғыз боксшысы Эркин Абдылбек Уулун ұтты.

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз Ерік Әлжанов ширек финалға шыққан қазақ боксшыларының қатарын толықтырды. Ол 81 келіге дейінгі салмақта қырғыз боксшысы Эркин Абдылбек Уулун ұтты.

Эркин Ерік бақ сынайтын салмақтағы жүлделі орыннан үмітті боксшылардың бірі болатын. Бойы да қазақ боксшысынан ұзын еді. Дегенмен шабуылда ширақтық танытып, оңтайы келгенде соққы жасап, жылдам жұдырықтасқан Ерік Әлжанов жеңіске жете білді.

Ширек финалда отандасымыз пәкістандық Али Авайс Ханмен қолғап түйістіреді. Ол бірінші айналымда йорданиялық боксшы Мұхаммад Алязоуриді ұтты. 

Айта кетейік, осыған дейін Азия чемпионатының ширек финалына алты қазақ боксшысы шыққан еді.

 

kaz.vesti.kz
 

Наверх