Қазақстандық боксшы бірінші жекпе-жекте филиппин боксшысы Марио Баутистаны жеңді.
Қайрат Ералиев Ташкенттегі Азия чемпионатының ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бастапқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы филиппин боксшысы Марио Баутистамен жұдырықтасып, судьялардың бірауыздан қабылданған шешімімен қарсыласын жеңіп шықты.
Енді екінші кезеңде Қайрат Ералиев Асрор Вохидов (Тәжікстан) - Риомей Танака (Жапония) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі. Жекпе-жек 3 мамырға белгіленген.
Еске сала кетейік, бүгін, 1 мамырда Қайрат Ералиевтен басқа Ержан Жомарт (52 келіге дейін), Бекдаулет Ибрагимов (64 келіге дейін) және Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін) жекпе-жек өткізеді.
фото - Данияр Майлыбаев