Ол 1/8 финалда Иордания боксшысымен жекпе-жек өткізді.Ол 1/8 финалда Иордания боксшысымен жекпе-жек өткізді.
Қазақстандық боксшы Бекдаулет Ибрагимов (64 келіге дейін) Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Отандасымыз Иорданияның боксшысы Обада Алкасбехпен жекпе-жек өткізді. Кездесу 3:0 есебімен аяқталып, Бекдаулет Ибрагимов жеңіске жетті.
Ал ширек финалда отандасымыз Ирак боксшысы Каррар Аал-Эзирежбен кездесу өткізеді. Ол алдыңғы жекпе-жекте Шри-Ланка боксшысы Душан Сапарамадуді нокаутқа түсірген болатын.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қайрат Ералиевтің Ташкенттегі Азия чемпионатының ширек финалына өткені хабарланған болатын. Енді екінші кезеңде Қайрат Ералиев Асрор Вохидов (Тәжікстан) - Риомей Танака (Жапония) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі. Жекпе-жек 3 мамырға белгіленген.
Толығырақ: http://kaz.vesti.kz/boxing/1748/
Материалды қалай болсын қолдану тек қана vesti.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі