Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының бапкері боксшының жағдайы туралы айтып берді

25 Сәуір, 2017

Жәнібек Әлімханұлының жеке бапкері Мұрат Сиқымбаев Vesti.kz порталы шәкіртінің жаңа салмаққа ауысқаны жайлы және алдағы жоспарлары туралы айтып берді. 

 

- Олимпиададан кейін Жәнібек салмағын ауыстырып, жартылай ауыр салмаққа көшті. Бұл Жәнібек үшін қаншалықты ыңғайлы салмақ?


- Жәнібектің салмақты бір қалыпты. Оның негізгі салмағы 80-81 келі. Ешқандай проблемма жоқ. Біз 2012 жылдан бері 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп келдік. Ол кезде Жәнібектің таза салмағы 72-73 еді. Өткен Олимпиадалық циклда оның салмағы 80 келіге дейін өсті. Сөйтіп, 5-6 келі қуып жүрдік. Олимпиададан кейін біржолата 81 келіге ауысуды жөн санадық. 


- Алдағы уақытта ол тағы да салмағын ауыстырып қалуы мүмкін бе?


- Жоқ. Қазақстан чемпионатында ол 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Және сол біріншілікте өзін жақсы сезінді. Әрине, жаңа салмаққа өту оңай емес. Бастысы денсаулығы жақсы болса болды. 


- Өткен жылдың соңында Жәнібек кәсіпқой бокста да бағын сынады. Содан соң көпшілік оны біржолата кәсіпқой боксқа ауысады деген мәлімет шыққан еді. Жәнібектің кәсіпқой боксқа өту мүмкіндігі қандай?


- Кәсіпқой боксқа өтіп кету оңай ғой. Бірақ біздің басты мақсатымыз - Олимпиада ойындарында топ жару. Егер барлығы дұрыс болатын болса, біз Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысамыз. Ал жуық арадағы басты мақсатымыз - әлем чемпионаты. Қазір кәсіпқой боксқа өтуі туралы ойлап жүргеніміз жоқ. 


Еске салайық, бұған дейін Мұрат Сиқымбаев Жәнібек Әлімханұлының шаршы алаңға қашан оралғанын айтып берген еді. Оның айтуынша, боксшы Ташкентте өтетін Азия чемпионатына қатысқысы келген екен. Бірақ оның сол қолында жарақаты бар.

 

kaz.vesti.kz
 

Наверх