30 сәуірден 7 мамырға дейін Ташкентте бокстан ХХІХ Азия чемпионаты өтеді.
Құрама сапы Бокстан Ташкентте өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімі жақында ғана мәлім болды.
Мырзағали Айтжанов бастайтын бапкерлер құрамына кейбір салмақтарда кімге сенім арту керек екендігін анықтау мүлде оңай болған жоқ. Себебі Рио Олимпиадасынан кейін ұлттық құрама сапы 70 пайызға жаңарған.
Десек те, бапкерлер құрамы боксшыларымызды біраз тексеріп, сынақтан өткізіп, Азия чемпионатында бақ сынайтын ұлттық құрама сапын жариялады. Сонымен, Ташкент төріне керілетін шаршы алаңда біздің елдің намысын мына боксшы жігіттер қорғайды:
49 келі: Жомарт Ержан
52 келі: Азамат Исақұлов
56 келі: Қайрат Ералиев
60 келі: Әділет Құрметов
64 келі: Бекдәулет Ибрагимов
69 келі: Аблайхан Жүсіпов 75 келі: Әбілхан Аманқұл
81 келі: Ерік Әлжанов
91 келі: Василий Левит
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев
Айтпақшы, Ташкенттегі Азия чемпионаты – биыл күзде өтетін әлем чемпионатының лицензиялық сыны. Яғни әлем чемпионатына қанша боксшымыз баратындығы Азия біріншілігіндегі жетістіктерімізге байланысты болады.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов отандық басылымдарға берген сұхбатында «Ташкентегі Азия чемпионатында үш алтын жеңіп алуды жоспарлап отырғандықтарын» тілге тиек етіпті. Мұны ҚР бокс федерациясының ресми сайты да жариялады. Осы ретте, Қазақстаннан шыққан Азия чемпиондарына бір тоқталып өтсек деп едік.
Азия чемпиондары
Бокстан Азия чемпионаты 1963 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бокс федерациясы 1992 жылы AIBA мүшесі болып қабылданып, Азия бокс конфедерациясының құрамына кірген. «Сарықұрлық» чемпионатына 1994 жылдан бері қатысып келеміз.
Бір көңіл аударарлығы (оны өздеріңіз төмендегі кестеден де байқарсыздар), біздің боксшыларымыз Азия чемпионатынан тек 2002 жылы саф алтынсыз оралды. Басқа жылдары кемі екі алтыннан олжалап отырды.
Азия чемпионатынан жеңіп алған алтындарымыз (1994 – 2015 жылдар)