Қазақстандық бокс федерациясы
    "Астана арландары" WSB жобасының ширек финалында ресейлік командамен кездесетін болды
    Ширек финалдық жекпе-жек 11 мамыр күні өтеді.
    24 Сәуір 2017

     

    Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) сериясында өнер көрсететін "Астана арландарының" ширек финалда кездесетін қарсыластары анықталды. Жобаның жетінші маусымындағы ширек финалда елордалық команда ресейлік "Ресей патриоттары" командасымен кездеседі. Бірінші жекпе-жек 11 мамыр күні Кемерова қаласында өтсе, екінші кездесу 20 мамыр күні Алматыдағы "Алматы - Арена" спорт кешенінде өтеді. 


    Еске салайық, биылғы маусымның топтық кезеңінде "Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" командалары кездескен болатын. Мәскеуде өткен бірінші кездесуде "арландар" 3:2 есебімен жеңіске жетсе, Тараз төрінде өткен кездесуде 4:1 есебімен үстем түскен болатын. 


    Биылғы маусымның ширек финалында "Өзек жолбарыстары" "Куба қабылдандарымен" кездессе, "Франс Файтинг Рустерс" мен "Бритиш Лайнхартс" және "Италия Тандер" мен "Колумбия Хероикос" жұптары кездеседі.  "Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" командасы арасындағы жеңімпаз жартылай финалда "Италия Тандер" - "Колумбия Хероикос" жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

     

    kaz.vesti.kz