Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Садриддин Ахмедов Таиландтағы турнирдің жартылай финалына шықты

05 Сәуір, 2017

Банкогта өтіп жатқан халықаралық «Thailand Invitation International Boxing Tournament 2017» турнирінің жартылай финалына үш қазақстандық боксшы шығып үлгерді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бірінші айналымда 7 боксшымыз шаршы алаңға шықты. Оның ішінде үшеуі жергілікті спортшылармен кездесті. Тек 49 келідегі жастар арасындағы әлем чемпионы Шалқар Айқынбай ғана ұтылып қалды.

 

49 келі: Шалқар Айқынбай – Саехан Самак (Таиланд);

 

52 келі: Азат Махметов – Рароенмаемоей Артид (Таиланд);

 

56 келі: Нұрбол Қалжанов - Франко Барреро Майкел (Куба);

 

60 келі: Сұлтан Зауырбек – Чол Ман Чой (Солтүстік Корея);

 

64 келі: Қуан Қуатов – Синсири Бумжонг (Таиланд);

 

69 келі: Садриддин Ахмедов – Амангельдиев (Түрікменстан);

 

75 келі: Ерік Әлжанов – Викаш Кришан (Үндістан).

 

Ал бүгін ширек финалдың ойындары басталды. Азат Махметов (52 келі) аустралиялық Джек Боуэнді жеңді. Өкінішке қарай, Нұрбол Қалжанов (56 келі) кореялық Ху Нам Жоның осал тұсын таба алмады. Сұлтан Зауырбек (60 келі) кубалық Палмер Каррион Дариевскиге, Қуан Қуатов (64 келі) үнді боксшысы Токас Рохитке жол берді.

 

Жастар арасында әлем чемпионы, Санкт-Петербургте бірнеше қарсыласын нокаутпен жеңген Садридин Ахмедов таиландтық Саесит Апичетті қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.

 

Жартылай финалдың жұптары:

 

52 келі: Азат Махметов – Залдивар Сантистеба Франк (Куба);

 

69 келі: Садриддин Ахмедов – Жоэль Бахо (Филиппин);

 

75 келі: Ерік Әлжанов– Иглесиас Эстрада Ослей (Куба).

 

Жартылай финал ертең өтеді.

 

baq.kz

Наверх