Ресейдің Нальчик қаласында бокстан ашық бүкілресейлік «А» санатындағы турнир мәресіне жетті.
Жылма-жыл дәстүрге айналған Балкар халқының жаңғыру күніне арналған сайыста Атырау облысының боксшылары ел намысын қорғады, деп хабарлайды dodasport.kz сайты.
60 келі салмақта жұдырықтасқан Ержан Ордабаев төрт жекпе-жек өткізіп, чемпион атанды. Онымен қоса Ержан турнирдің «ең үздік» боксшысы атағына ие болды.
Одан бөлек Амандық Манашев, Рашид Салауатов, Есенаман Шунгарин қола медальдарға ие болады.