Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қанат пен Жанат Алматыда ашық жаттығу өткізеді

30 Наурыз, 2017

Қазақ кәсіпқой боксшылары Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов 1 сәуір күні Алматы қаласында ашық жаттығу өткізеді.

 

- 1 сәуір күні Алматы қаласында WBA fedelatin, WBO intercontinental чемпионы Қанат Ислам мен WBA, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновтың ашық жаттығуы өтеді. Кәсіпқой боксшылар өз тәжірибелерімен бөліседі. Сұқбат, естелікке суретке түсу және боксшылардың қолы қойылған қолғаптар сіздер үшін. Есік ашық. Ашық жаттығу, Алматы қаласы, Гагарин-Өтепов көшелерінің қиылысындағы "MD бокс" клубының залында өтеді. 1 сәуір, сағат 10:30-да барлығыңызды күтеміз, - деп хабарлады ұйымдастырушылар.


Айта кетейік, Қанат Ислам кезекті жекпе-жегіне дайындығын бастап кетті. Қарсыласы алдағы аптада белгілі болып қалуы мүмкін. Сондай-ақ 9 қыркүйек күні Астана қаласында жекпе-жек өткізетіні туралы да хабарлаған болатынбыз.
 
Наверх