Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Өзбекстанда жұдырықтасатын "арландардың" тізімі белгілі болды

29 Наурыз, 2017

Кездесу 1 сәуір күні Ташкентте өтеді.

Бүкіләлемдік бокс сериясында кездесетін "Астана арландары" мен "Өзбек боксшылары" арасындағы жұдырықтасатын боксшылардың тізімі белгілі болды, деп жазады Vesti.kz порталы. 



Бұл екі команда арасындағы бокс кеші 1 сәуір күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп, Астана уақытымен 20:00 де басталады. Аталған кездесуді Vesti.kz порталы тікелей эфирде көрсетеді. 



Жекпе-жекке қатысатын боксшылардың тізімі: 



46-49 келі:


Хасанбой Дусматов - Теміртас Жүсіпов



56 келі:


Абдулхай Шарахматов - Ильяс Сүлейменов



64 келі:


Эльнур Абдураимов - Дільмұрат Мижитов



75 келі:


Исраил Мадримов - Сапарбай Айдаров



91 келі:


Зухриддин Махкамов - Антон Пинчук



Егер бұл жекпе-жекте "Астана арландары" жеңіске жететін болса, С тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне шығады. Қазіргі уақытта біздің команда 12 ұпай жинап, Азия аймағында жиналған командалардың көшін бастап келеді. Ал "Өзбек жолбарыстары" алты ұпаймен екінші орында тұр. 

 

kaz.vesti.kz
 

 
Наверх