Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

«Астана Арландары» «Патриот Боксинг Тим» командасын жеңіп, WSB плей-офф кезеңіне жолдама алды

18 Наурыз, 2017

Қазақстандық боксшылар алғашқы үш жекпе-жекте қарсыластарынан басым түсті.

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) топтық кезеңінің төртінші турында "Астана Арландары" ресейлік "Патриот Боксинг Тим" командасының боксшыларынан тізе бүктірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшсі.



Алғаш болып рингке 52 келі салмақта жұдырықтасатын Олжас Сәттібаев және Вячеслав Ташкараков шықты. Бар жоғы үш раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы уақытынан бұрын жеңіске жетті.



60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Закир Сафиуллин "Астана Арландары" қоржынына екінші ұпайды салды. Қазақстандық боксшы "Патриот Боксинг Тим" өкілі Артур Субханкуловтен - 3:0 (49:46, 49:46, 49:45) есебімен басым түсті.



"Астана Арландарының" үшінші жеңісіне Асланбек Шымбергенов жетті. 69 келіде ол ресейлік Шахабас Махмудовты үш раундтың қорытындысы 3:0 (50:45, 49:46, 50:45) бойынша тізе бүктірді.



Айта кетейік, бұл кездесуге дейін "арландардың" қоржынында 9 ұпай болған. Ресейлік боксшыларды жеңгеннен соң "Астана арландары" уақытынан бұрын топтық кезеңінен шықты.

 

kaz.vesti.kz

 
Наверх