Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешеніндегі жанкүйерлер тартысқа толы кездесудің куәгері болды.
Бүгін Нью-Йорк қаласында орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин WBA regular чемпионы Дэниэл Джейкобсты 12 раунд нәтижесінде ұпай санымен тізе бүктірді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешеніндегі жанкүйерлер тартысқа толы кездесудің куәгері болды.
Жекпе-жекті екі босшы да сақ бастады. Головкиннің әдеттегідей шабуылға толық басымдықты бермей, қорғанысты да назарға алды. Бір-бірінің осал тұсын аңдыған боксшылар бір-екі сәтте жойқын соққы алмасты. Джейкбос оңай шағылар жаңғақ емесін дәлелдегендей. Қазақстандық боксшы рингте бірінші нөмірмен жұдырықтасса, Дэниэл қарымта шабуылдарда қарсыласын талдыруға барынша тырысты. Дегенмен төртінші раундта қорғанысты ұмыт қалдырған Джейкобстың қателегінін GGG пайдаланды. Головкиннің жойқын соққысынан кейін америкалық боксшы нокдаунға түсті. Алайда төреші жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді. Қазақстандық боксшы қарсыласын соққының астына алуға тырысқанмен Джейкобс сауатты қорғана білді. Осылайша жекпе-жек 12-раундқа созылды. Геннадий Головкин қарсыласын соққының астына алып, кездесу уақытынан бұрын аяқтауға тырысқанмен Дэниэл Джейкобс осал қарсылас еместігін дәлелдеді.
Осылайша, GGG мансабындағы 37-ші жеңісіне жетті. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы мансабында 36 кездесуде жеңіске жетіп, бірде-біреуінде жеңіліп көрмеген. Оның 33-ін уақытынан бұрын аяқтады.