Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

«Chemistry Cup» халықаралық бокс турнирінде қазақ боксшылары 4 алтын медаль жеңіп алды

18 Наурыз, 2017

Германияның Галле қаласында өткен «Chemistry Cup» халықаралық бокс турнирінде қазақ боксшылары 4 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, финалға 5 қазақ боксшысы шыққан болатын. Алайда 69 келіде шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Абылайхан Жүсіпов жергілікті былғары қолғап шеберіне есе жіберіп алды. Ал қалған 4 боксшымыз алтын медаль иеленді.

 

Атап айтқанда, Азамат Исақұлов ресейлік Овик Оганесянды,   Әбілхан Аманқұл  нидерландылық Макс ван дер Пасты, Василий Левит тағы орыс боксшысы Владимир Узунянды,  Қамшыбек Қоңқабаев украиналық Андрей Городецкийді жеңді.

 

Әбілхан Аманқұл осы турнирдегі ең үздік өнер көрсеткен боксшы атанып, арнайы кубокқа да ие болды. Мұнан бөлек, Қазақстан боксшыларының қоржынында төрт қола медаль бар. Оны  49 келі салмақтағы Ержан Жомарт, 56 келідегі Қайрат Ералиев, 60 келідегі Әділет Құрметов, 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов иеленді.

 

kazinform.kz

Наверх