Отандасымыз 17 ақпан күні өтетін кездесуге дайындығын аяқтады.
32 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) бразилиялық Робсен Ассиспен өтетін кездесуге дайындығын аяқтады, деп жазады Vesti.kz порталы.
Соңғы жаттығу жиындарын Қанат Ислам Филадельфия қаласында өткізді. Өйткені онда қыс. Бұл қала Уилмингтонға жақын болған соң отандасымыз соңғы жаттығу жиындарын осы қалада өткізді.
Қанат Исламның өкілі Берік Сұлтанның айтуынша, боксшымыздың салмағы тура. Жекпе-жекке тас-түйін дайын екен.