Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Боскай атындағы Халықаралық турнир өтті. Дәстүрге айналған мемориалға 20 елден 160-тан астам спортшы қатысып отыр.
Бұл сайыста Қазақстан боксшылары жылма-жыл өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Биыл да құрамамыз 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
75 келі салмақта Маңғыстау облысының боксшысы Ерік Әлжанов чемпион атанды. 81 келіде Шаймұрат Құсайынов - күміс жүлдегер. Азат Махметов (52 кг) пен Илья Очкиннің (69 кг) еншісінде - қола медаль. Бұл боксшылардың барлығы да былтыр өткен ел чемпионатында жеңіске жетіп, ұлттық құрама сапына іріктелініп алынған болатын.
Биылғы жылы Қазақстандық боксшыларды екі үлкен бәсеке күтіп тұр. Олар әлем чемпионаты мен Азия біріншілігі.