Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында «Астана Арланс» және Ресей боксшылары арасында жекпе-жектер өтті.
Бірінші болып 49 келі салмақта шыққан Теміртас Жүсіпов Батор Сагалуевқа есе жіберді. Тартысқа толы жекпе-жекте ресейлік 1:2 есебімен жеңіске жетті.
Екінші болып шаршы алаңға шыққан отандасымыз Ілияс Сүлейменов қарсыласы Артем Хотеновтан 3:0 есебімен басым түсті.
«Арландар» сапында үшінші болып 64 келі салмақта Ділмұрат Мижитов шықты. Отандасымыз қарсыласы Радмир Абдурахмановқа есе жіберді.
Содан кейін 75 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға көтерілген ел чемпионы Аманқұл Әбілхан ресейлік қарсыласы Раджаб Раджабовтан басым түсті.
91 келі салмақта Антон Пинчук қарсыласы Илья Квасниковты 3:2 есебімен ұтты.
Сөйтіп, 3:2 есебімен қазақстандық боксшылар Мәскеуде жеңіске жетті.