Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Майк Тайсонның бапкері қазақстандық боксшы қызға ұсыныс жасады

04 Ақпан, 2017

Ол Фируза Шарипованы АҚШ-қа шақырды.

Майк Тайсонды және Артуро Гаттиді жаттықтырған америкалық бапкер Бадди МакГирт 22 жастағы қазақстандық боксшы Фируза Шариповаға кәсімқой бокста әлем чемпионы титулын жеңіп алуына әріптестік ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.



"Оның деңгейі жоғары деп ойлаймын. Ол жасына қарамастан, жақсы жұдырықтасады. Бұл АҚШ-тағы әйелдер боксына тамаша жағдай. Үйреніп, әлем чемпионы атануға мүмкіндігі зор. Мұнда бокстың түрі көп, жұдырықтасудың түрлі мәнері бар, ол мұның барлығын осында, АҚШ-та көріп, әлем чемпионы атануға дайындалуға мүмкіндігі бар", - деді бапкер.



Сонымен қатар, бапкер Фирузаға "Оған айтатыным - еңбектенуге кел, сенімен жұмыс істеймін, АҚШ-қа келгеніңде, әлем чемпионы болуыңа мүмкіндігің бар", - деді МакГрит.

 
Наверх